Айнабұлақ негізгі орта мектебінде оқу жылының басында «Жемқорлыққа қарсы күрес: тәрбиеленушілерде жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру» жөнінде жұмыстар бойынша педагогтармен, оқушылармен, ата-аналармен жылдық жоспар құрылып, бекітілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес барысында мектепте арнайы стенд жаңартылып, мини плакат ілінді.
Педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңес құрылды. Кеңес педагогтердің педагогикалық әдепті сақтауы мәселелерін қарайтын алқалы орган болып табылады. Кеңеске педагогтердің педагогикалық әдепті сақтауы мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар жүгіне алады.
Оқушылармен жүргізілген жұмыстар: тәлімгер Г.Т. Альжанова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес -баршамызға ортақ іс»тақырыбында жоғарғы сынып оқушыларымен дөңгелек үстел ұйымдастырды.Сынып жетекшілері «Жемқорлық – балалар көзімен» атты сурет байқауын өткізді.