Айнабұлақ НОМ "Мектептік тамақтану"
Айнабұлақ негізгі орта мектебінің 2019-2020 оқу жылында аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан оқушылардың тегін ыстық тамақпен қамтылуы жайлы мәлімет.
Айнабұлақ негізгі орта мектебінде барлығы 14 оқушы тегін бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған. Оның ішінде екі оқушы спонсорлық көмек есебінен тамақтанады.
Ыстық тамақ ас мәзірі бойынша дайындалады.Тамақ сапасы күнделікті тексеріледі. Өнімдер мен дайын тағамдарды сақтау мерзімдері жарамды. Ыстық тамақтардың дәмі және дайындау технологиясы дұрыс. Асханада тазалық гигиенасының ережелері сақталған.