с. Актайлак
5-06-78, 5-00-18
Вернуться на главную страницу отдела образования
Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
Голосовать
Отлично - 442
Плохо - 96
Хорошо - 64
Так себе - 53
Затрудняюсь ответить - 48
Всего проголосовало: 703
Смотреть результат
Статистика посещений
16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні
10-01-2018 21:03
16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні

     Ақтайлақ негізгі орта мектебінде 11-15 желтоқсан күндері аралығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар жоспар бойынша өткізілді.

     «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» кітап, «Біздің ортақ үйіміз-Қазақстан!» сурет, «Менің Елім Қазақстан» тақырыбында қолөнер көрмелері ұйымдастырылды.

     Қазақ тілі, орыс тілі пәнінің мұғалімдері 5-9 сынып оқушылары арасында «Мәңгілік Ел» тақырыбында эссе байқауын, сынып жетекшілер «Тәуелсіз Қазақстан» атты сынып сағаттарын өткізді.

   «Жас Ұлан» ұйымы парламентінің мүшелері, тәлімгер мектеп оқушыларымен «Ұлттық валюта-теңге» ақпарат күнін, «Мемлекеттік рәміздер-Тәуелсіздік нышандары» тақырыбында викторина ұйымдастырды.

    Информатика пәнінің мұғалімі Күзенбай Б.«Тәуелсіздік шыңдары» бейне сабағын мектеп оқушылары мен ұстаздары тамашалады.

   Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастырған «Ептілер мен күштілер» спорттық жарысына мектеп оқушылары мен ұстаздары белсене қатысты.

     1-9 сынып оқушыларымен «Мәңгілік Ел» тақырыбында біріңғай ұлттық сабағы өткізілді.

     ҚР Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын, «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымына қабылдау рәсімі 15 желтоқсан күні өткізілді. Мектеп директоры Ғ.Әжаппар жиналған қауымға құттықтау лебізін жеткізіп, мектеп оқушылары мен ұстаздарын Тәуелсіздік күніне орай өткізілген көрме, сурет байқауларының жүлдегерлерін марапаттады.

     Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің 26 жылдығын атап өту мектеп ұстаздары мен оқушылары үшін үлкен мереке болды.