"Мен оқыған бір ертегі"
Жаңаарқа жалпы білім беретін мектебінде "Оқуға құштар жобасы" аясында 1-4 сынып оқушыларымен "Мен оқыған бір ертегі" атты талдау сағаты өтті. Іс-шараның басты мақсаты: оқушыларға кітап оқыта отырып, тілдік қорларын молайту, айтылым дағдысын қалыптастыру, есте сақтау қабілеттерін дамыту және кітап оқуға деген құлшыныстарын арттыру. Өткізуші: Кітапханашы А.Д.Жумакаева