"Мақал-сөздің азығы, жұмбақ-ойдың азығы"
Жаңаарқа жалпы білім беретін мектебінде "Балалар кітапханасы" жобасы және "Досбол Like" жобасы аясында 3-4 сыныптар арасында "Мақал сөздің азығы, жұмбақ ойдың азығы" атта зияткерлік сайыс өтті.
Мақсаты: -Ата-бабамыздан қалған өшпес мұра,көлемі жағынан шағын болғанымен мазмұны терең, қымбат қазына мақал мәтелдерді оқушыларға үйретіп,ұғындыру.
-Ой белсенділігін, сөздік қорын молайту.
-Отбасы дәстүрін сақтауға,ата-аналарын, қарттарды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Өткізуші: Кітапханашы А.Д.Жумакаева