"Жазғы мектеп"
27 мамыр күні Жаңаарқа жалпы білім беретін мектебінде "Жазғы мектеп"аясында қызықты да тартымды түрлі жұмыстар ұйымдастырылды. Жоспарланған сабақ кестелеріне сәйкес әрбір сынып өз жұмыстарын бастап кетті. Математика пәні бойынша 1-4 сыныптар тақырыптарына сәйкес сабақтар өткізді. Сабақ барысында 1 сынып оқушыларына "Доп лақтыру", 'Ретін тап,""Би алаңы" "Адасқан сандар'','Қандай сан жасырынды?"Жемістер кәрзеңкесі" ойындары арқылы оқушылардың қызығушылығын туғызса,
2 сыныптар арасында математика пәнінен " түрлі топтық тапсырмалар ұйымдастырды. "Серпілген доп" ойыны арқылы көбейту кестесі сұрап,оқушыларға дамыту жаттығуларын жасатты.
3 сыныпта арасында математика пәнінен "Мақалды тап" "Эстафета,"Көбейту кестесі арқылы бөлу" ойыны арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып өтті. Сабақ соңында "Ақылды үкі"әдісі арқылы кері байланыс жүргізді.
4 сыныптар бойынша математика пәнінен "Санның құрамы", Кім жылдам?,Ұялы телефон ойындары ойнатылды.Тапсырма орындаған оқушылар мадақтау сөзі арқылы бағаланды. Ойын арқылы өтілген сабақтар оқушының қызыгушылығын арттырды.
#жазғымектеп2024