"Өмірлік дағдылар" атты аудандық ата-аналар форумы
Бүгін 28 мамыр күні Жаңаарқа АББ ұйымдастыруымен "Өмірлік дағдылар" атты аудандық ата-аналар форумына Жаңаарқа ЖББ мектебі де қатысты. Форумда мектебіміздің белсенді, жанашыр ата-анасы Шожина Замзагүл марапатталды. Ата-аналар өте жақсы әсерде қайтты. Осындай форумды ұйымдастырып отырған аудандық білім бөліміне алғысымыз шексіз.