Жұмажанов ат. ауыл
5-11-83, 5-06-77
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
"Ерлік елге - ұран, ұрпаққа - мұра" тақырыбында әскери мамандармен кездесу
04-05-2022 11:56
4-мамырда Жаңаарқа ЖББ мектебінде ерлік сабағына байланысты "Рухани жаңғыру" бағдарламасы мен "Өнегелі өмір" жобасы аясында "Ерлік елге - ұран, ұрпаққа - мұра" тақырыбында әскери мамандармен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Жаңаарқа ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жабдықтау тобының бастығы - Көпеев Азамат Кеңесұлы мен Тәжік - Ауған шекарасының қақтығысындағы ардагерлердің төрағасы - Алин Қайрат Ауданбайұлы, Отан алдындағы әскери дайындық борышын өтеп келген жас сарбаз - Қойшыбай Ернат Азаматұлы шақырылды.
Кездесу барысында ынтымақтастықты қалыптастыру мақсатында мектебіміздің психологы - Елеусизова Жазира Әлібекқызы ер азаматтармен тренинг өткізді.
Сұхбат үстінде ерлігімен ел есінде сақталған ер азаматтар жайлы сөз болды. Сондай азаматтардың бірі жерлесіміз - Аманов Айбат Ерболұлының ерлігін дәріптеу мақсатында аудандық кезеңде I орын алған "Біздің заманымыздың қаһарманы" тақырыбында жоба қорғаған Балтабай Заманбек өз замандастарың Отанына, еліңе, жеріңе адал қызмет етуге шақырды.
Азамат Кеңесұлы әскери мамандық туралы мағлұмат беріп, ер балаларды Отан алдындағы әскери дайындық борышын өтеуге келелі кеңестерімен бөлісті.
Қайрат Ауданбайұлы ер балалардың бойында патриоттық сезімдерін оятуда ер азаматқа тән қасиеттері жайлы әңгіме жүргізді.
Ернат Азаматұлы әскери дайындық борышын өтеудегі ерекшеліктері жайлы оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Кездесу соңында Ернат Азаматұлын "ҚР Қарулы күштеріне 30 жыл", "Ұлы Жеңіске 77 жыл" мерекелеріне орай құттықтай отырып, Отан алдындағы әскери дайындық борышын өтеуде белсенділік танытқаны үшін марапатталды.
Ерлік сабағын ұйымдастырған мектептің аға тәлімгері - Акишева Мария Құдайбергенқызы.
https://www.facebook.com/zhanaarka.scool/posts/pfbid0M3bfW575HRRFvUieUfY3LdyNQPNU25cs6q9jrhAfYsZgMEQwLpV21WxjfYBvgy5kl