Орынбай ауылдық округі
2-37-21, 52189, 5-22-47
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
«Ақ жол саған, жас түлек!»
20-06-2018 11:55
«Ақ жол саған, жас түлек!»

 Қайырлы күн, құрметті қонақтар, аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар, жас түлектер! Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, Көктал ЖОББ  мектебінің арман қуған 44 түлегі болашаққа жаңа қадам басқалы отыр.

 Мектеп! Мектеп деген - мол қазынасы мөлдіреп жатқан, сол мөлдір әлемнен өзіне керек асыл мен жауһар секілді баға жетпес, «білім» деген байлықты алып, өміріңе нәр беретін алтын ұя!

Дұрыс айтасың, өйткені жарқын шақтардың елесі қалар, ерке балалығыңның куәсі болар бірден-бір киелі мекен – мектептегі соңғы қоңырау салтанаты басталғалы тұр. 
  Он бір жыл бойы осы мектеп қабырғасында білім нәрімен сусындаған түлектерді ортаға шақырамыз. Ду қол шапалақпен қарсы алайық!

(11  сынып. Сынып жетекшісі  – І санатты ұстаз, мектеп педагог-психологы, АББ –нің Құрмет грамотасымен, Қазақстан Ұстаздар қоғамының ұйымдастыруымен қашықтықта психология пәні бойынша олимпиадаға қатысып ІІІ дәрежелі дипломмен, «Мектеп ұстаздар әлемінің» журналының Алғыс хат, Құрмет грамотасының  иегері Мамраева Айткуль Тайгозаевна және  11 сынып оқушылары: Әбілқас Темірлан, Бериков Нұрболат, Ермекбаев Дарын, Мұқамедқали Бексұлтан, Сатекбаев Асхат, Сағымбек Сабина, Сембекова Іңкәр) ортаға салтанатты түрде шақырылды.

АББ әдіскері Алдан Қакрабаевич қадірлі қоңағы келіп кешіміздің куәсі болды.