с. Орынбай
2-37-21, 52189, 5-22-47
Вернуться на главную страницу отдела образования
Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
Голосовать
Отлично - 457
Плохо - 96
Хорошо - 64
Так себе - 53
Затрудняюсь ответить - 48
Всего проголосовало: 718
Смотреть результат
Статистика посещений
4-6 сынып арасындағы «CLEVER-2020» олимпиадасының Жалпы ережесі
27-11-2020 14:39
4-6 сынып арасындағы    «CLEVER-2020» олимпиадасының  Жалпы ережесі

              Қарағанды облысы

              білім басқармасының                        

                                                                           2020  жылғы «    » _______

                                                                           №____ бұйрығына

                                                                           2-қосымша

 

 

»олимпиадасының

Жалпы ере4-6 сынып арасындағы  

«CLEVER-2020жесі

«CLEVER»  – ақылды, епті, шебер, қабілетті.

 

          1. Осы Ереже (бұдан әрі - Олимпиада) мектептер, лицейлер, гимназиялар және басқа облыстың орта білім беру ұйымдарының 4,5,6 сынып оқушылары арасында өтетін  математика, қазақ тілі, орыс тілі, қазақ тілі орыс мектебінде, орыс тілі қазақ мектебінде, ағылшын тілі пәндері бойынша олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізу тәртібін айқындайды.

          2. Олимпиаданың негізгі мақсаты мен міндеттері:  дарынды балаларды  анықтау, шығармашылық қызығушылықтарын арттыру және оларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау; жалпы білім беретін пәндерден республикалық жарыстарға қатысу үшін дарынды, интеллектуалды оқушылардан команда жасақтау.    

          3. Олимпиада 2 кезеңнен:

            -аудандық;

            -облыстық кезеңдерден тұрады.

          Аудандық кезеңге 4-сынып оқушылары арасында тізім жаңадан жасақталып, олимпиада тек 4-сынып қатысушылары арасында өткізіледі. Аудандық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлерінен жасақталған топтар (1 топта 6 қатысушы) облыстық кезеңге қатысады.

         Облыстық кезеңге аудандық кезеңнен өткен 4-сынып оқушылары және 2019-2020 оқу жылындағы облыстық олимпиаданың 4-5 сынып оқушылары арасындағы жеңімпаз және жүлдегер қатысушылар қатысады.

          4. Олимпиадаға қатысу тәртібі:

Ø4 сынып арасында қатысушылар тізімі (қазақ тілінде немесе орыс тілінде оқытатын әр мектептен 4 оқушыдан құралған 1 команда, аралас мектеп 6 оқушыдан құралған 1 команда) негізінен жасақталады;

Ø5-6 сыныптар арасында өткен жылғы 4-5 сыныпта қатысқандар тізімі сақталады (пәндері өзгермейді, толықтыруға болады);

          5. Әр қатысушы өзі таңдаған 1 пәннің тапсырмасын орындайды: математика 4, 5 сыныптарда – 30 сұраққа, 6 сыныпта 40 сұраққа 120 мин; қазақ тілі 4 сыныпта – 30 сұраққа, 5 сыныпта – 40 сұраққа, 6 сыныпта – 50 сұраққа 120 мин;  орыс тілі 4 сыныпта – 30 сұраққа, 5 сыныпта – 40 сұраққа, 6 сыныпта – 50 сұраққа 120 мин;   қазақ тілі орыс мектебінде 4 сыныпта – 30 сұраққа, 5 сыныпта – 40 сұраққа, 6 сыныпта – 50 сұраққа 120 мин; орыс тілі қазақ мектебінде 4 сыныпта – 30 сұраққа, 5 сыныпта – 40 сұраққа, 6 сыныпты – 50 сұраққа 120 мин; ағылшын тілі 4 сыныпта – 30 сұраққа, 5 сыныпта – 38 сұраққа, 6 сыныпта – 50 сұраққа 120 минут беріледі.  

 

 

Олимпиада ұйымдастырушылары

 

          6.Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті  өткізеді. Математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінен облыстық кезеңнің тапсырмаларын Қарағанды облысының ең үздік пән мұғалімдері дайындайды.

          7.  Олимпиаданы  ұйымдастыру комитеті келесі қызметтерді жүзеге асырады:

-                олимпиаданы өткізуге тікелей басшылық жасайды;

-                өткізу регламентінанықтайды;

-                олимпиаданы өткізетін орнын анықтайды;

-                қатысушылардың  құрамын жасақтайды;

-                жеңімпаздар тізімін дайындайды;

-                жеңімпаздар мен жүлдегерлергемарапаттаурәсімінұйымдастырады;

-                ережеге сәйкес өзге де қызметтердіжүзеге асырады;

-                 қорытындысын шығарады, мониторинг жасайды;

-                диплом, сертификаттар дайындайды.

          8.  Ұйымдастыру комитеті Олимпиада нәтижелерін хаттама бойынша шығарады.

 

 Олимпиаданың өтетін мерзімі:

-  2020 жылғы 2-желтоқсан-4 сынып оқушылары арасында;

-  2020 жылғы 3-желтоқсан-5 сынып оқушылары арасында