Мектептің тәрбие іс-әрекетінің концептуалды негізі Қазақстан Республикасының нормативтік –құқықтық құжаттар болып табылады. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері.
Тәрбиенің мақсаты: Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған дені сау тұлға тәрбиелеу.
Тәрбие берудің негізгі міндеті:тәрбие жұмыстарының басым бағыттарын қамти отырып,әлемді шарлаған коронавирус індетінің алдын алу, оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау,карантин кезінде қойылған санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы ең басты міндет.
Аталған тәрбиенің талаптарын орындау мақсатында тамыз айында мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының жанынан құрылған кеңес отырысында өткен оқу жылының әлсіз,әлді жақтары,даму перспективасы талданып,жаңа оқу жылының жоспары жасалынды.