с. Актюбек
2-53-04
Вернуться на главную страницу отдела образования
Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
Голосовать
Отлично - 409
Плохо - 93
Хорошо - 55
Так себе - 50
Затрудняюсь ответить - 47
Всего проголосовало: 654
Смотреть результат
Статистика посещений
Мектепке жол - Шекарасыз жақсылық.
03-08-2022 12:28
Мектепке жол - Шекарасыз жақсылық.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі аз қамтылған және көп балалы отбасылар қатарындағы оқушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсету және Балалар жылын іске асыру шеңберінде әлеуметтік себептер бойынша мектепке келмеуінің алдын алу мақсатында «Мектепке жол» Республикалық акциясын өткізеді.
Ағымдағы жылы бұл әлеуметтік бағытталған Министрліктің бастамасы «Мектепке жол - Шекарасыз жақсылық» ұранымен өткізіледі.
"Мектепке жол" акциясы 2022 жылдың 1 тамызынан басталады.
Акция барысында көмек бюджеттен тыс қаражат есебінен көрсетіледі.
Бизнесмендерден, кәсіпкерлерден және барлық жанашыр адамдардан акцияға қатысуды және балаларға кеңсе тауарлары, рюкзактар, спорттық киім, мектеп формасы, аяқ киім және т. б. түрінде көмек көрсетуді сұраймыз.
Мектепте азаматтардың өтініштеріне жауап беру үшін" Қызу желі" қызметі жұмыс істейді тел. 871030 25304, 87009901834.