Ынталы ауылдық округі
24117
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 406
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 47
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 648
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Адал ұрпақ және Саналы ұрпақ
17-03-2021 16:26

Қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшыларына, облыстың білім беру ұйымдарының директорларына

 

Білім беру ұйымдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды өткізу сапасын қамтамасыз ету мақсатында келесі жұмысты жүргізу қажет.

«Адал ұрпақ» және «Саналы ұрпақ»  клубтарының жұмысы бойынша:

1. Облыстың білім беру ұйымдарында «Адал ұрпақ» және «Саналы ұрпақ» клубтарының қызметін жандандыру;

2. Сайттарда «Адал ұрпақ» және «Саналы ұрпақ» клубтарының қызметі туралы ережені орналастыру»;

3. «Адал ұрпақ» және «Саналы ұрпақ» клубтары шеңберінде білім алушыларды іс-шаралармен 100% қамтуды қамтамасыз ету»;

4. Педагогтерді, білім алушыларды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерін тарта отырып, іс-шаралар өткізу;

5. Өткізілетін іс-шараларды ұйымдастыруда формалды тәсілге жол бермеу, фото және бейне материалдарды өз сайттарында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде орналастыру;

6. Мектептер мен колледждерде «Адал ұрпақ» клубы үшін арнайы бұрыш, «Саналы ұрпақ» стендтер, фото, буклеттер, «Адалдық дүкені», сыбайлас жемқорлыққа қарсы материалдар ұйымдастыру;

7. Клубтың ерекшеленген мүшелерін одан әрі құрмет тақтасына орналастыра отырып, көтермелеу;

8. Адал ұрпақ « клубының үздік эмблемасына облыстық конкурс ұйымдастыру»;

9. Клубтардың жұмысын бақылау және сайттарды алып жүру «Адал ұрпақ», «Саналы ұрпақ»үшін жауапты тұлғаға жүктелсін.

10. Бұрын бекітілген іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыру.

 

Білім беру ұйымдарындағы сайттардың толтырылуы үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

 

1. 27.07.2007 жылғы «Пілім туралы» ҚР Заңы;

2. 27.12.2019 жылғы «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы;

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт (бұйрықпен бекітілген);

4. Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі (білім бөлімдері);

5. Педагогикалық этика ережелері;

6. Этика кодексі (бірінші басшының бұйрығымен бекітілген);

7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты бекіту туралы бірінші басшының бұйрығы;

8. Білім беру ұйымының жарғысы;

9. Оқу орнын дамыту бағдарламасы;

10. Ішкі тәртіп ережелері;

11. Ішкі аудит қызметі туралы ереже (болған жағдайда);

12. Директорлар кеңесінің ережесі;

13. Құжаттаудың типтік ережелері;

14. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру (колледждер) саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары);

15. Директорларды конкурстық тағайындау туралы ереже (білім бөлімдері);

16. Ай сайын бос орындар туралы ақпарат орналастыру;

17. Білім беру ұйымдарына оқушыларды, студенттерді қабылдау ережесі;

18. «Мектептегі тамақтану» айдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша ақпаратты жүйелі түрде орналастыруды қамтамасыз ету (перспективалық, күн сайынғы ас мәзірі, тағам фотосуреті, жұмыс жоспары, тамақтану сапасын мониторингілеу жөніндегі комиссиялардың актілері, ведомствоаралық сараптамалық топтар).

19. Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары, КС құрамы, КС отырыстарының материалдары, жұмыс жоспары;

20. Педагогтерді, білім беру ұйымдарының басшыларын және Басшылардың орынбасарларын аттестаттау туралы ереже;

21. Жатақханалардан орын беру тәртібінің қағидалары;

22. Құрылымдық бөлімшелер туралы ереже (білім бөлімдері);

23. Жазбаша жұмыстарды плагиатқа тексеру туралы ереже;

24. Дипломдық жұмысты рәсімдеуді әзірлеуге қойылатын талаптар;

25. Қаржы құжаттамасы (ҚР ҚМ 25.06.2020 жылғы № 632 бұйрығына сәйкес бюджеттің жоспары мен орындалуы, қаржыландыру жоспары, тарифтеу, бухгалтерлік баланс, мемлекеттік сатып алу, кредиторлық және дебиторлық берешек есебі, ақылы және демеушілік есептер, балалар бюджеті, іс-шаралар жоспары және осы жоспар шеңберінде өткізілетін іс-шаралардың шығыстары).

Атқарылған жұмыстың нәтижелерін 12.03.2021 жылға дейін m.mukasheva@karaganda-region.gov.kz электрондық мекен-жайға қосымшаға сәйкес жолдау қажет.

 

Қосымша 1 парақта.

 

Басшы                                                                                     Г.Кожахметова

Орын.:М.Мукашева

Тел.:215141