"Баланың бас ұстазы ата-ана" атты тренинг
6 сыныптың жетекшісі Камкенова Ж.О "Оқушы-ата-ана-мұғалім"үштік одақ арасындағы ынтымақтастығын нығайту мақсатында "Баланың бас ұстазы ата-ана" атты тренинг өтті. Тренинг барысында "Бағдаршам" арқылы сәлемдесу және ата-аналарды топтастыру. Ата-аналар және оқушылардан "Қызықты сұрақтар" әдісі арқылы сауалнама алынды. "Стакандардан мұнара" арқылы топтық жұмыс. "Өзіме көршіме" әдісі арқылы сергіту сәтін орындау (ән шашу, тілектер айту, би билету). "Лабиринт" әдісі арқылы ата-анамен оқушылар арасында ұйымшылдық орнату. "Жылы лебіз" қорытындылау.Тренинг өз деңгейінде өте жоғары өтті.