4.10-6.10 күндері аралығында Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан ұстаздары съезі өтті. Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен ұстаздардан құралған делегаттар жиналды.
4.10-6.10 күндері аралығында Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан ұстаздары съезі өтті. Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен ұстаздардан құралған делегаттар жиналды.
Бірінші күні, Астана қаласының әлемдегі жетекші мектептер жүйесімен жұмыс жасап жатқан мектептерімен танысқан болатынбыз. Ол мектептер балалардың креативті әлеуетін дамытумен айналысады, сандық технологиялар мен нақты ғылымдарға үйретеді. Бұл экскурсиялар барысында, Қазақстанның дамыған ел қатарына қосылуының кілті сапалы, қолжетімді және заманауи білімде екеніне тағы да бір көзіміз жетті.
Екінші күні Президент қатысқан конференцияда білім саласындағы негізгі бағыт-бағдар айқындалып, алдағы күнге жоспар жасалды. Қ.Тоқаев саладағы қордаланған мәселелер мен оны шешу бойынша Үкімет пен әкімдерге, сондай-ақ тиісті министрлікке бірқатар міндет жүктеді.
Ұстаздар қауымы бас қосқан ауқымды әрі маңызды жиында сөз алған ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әр адамның тәрбие мен білім берген ұстаздарын қадірлейтінін айтты.
Қ.Тоқаев отандық білім беру жүйесінің үздік үрдісін сақтай отырып, бір орында тұрып қалмай, әрдайым даму жолында болу керектігін атап өтті. Президенттің айтуынша, бәсекеге қабілетті балаларды қалыптастыруда басты үміт мұғалімдерге артылады. Педагогтардың, әлбетте ата-аналардың да міндеті – еліміз үшін лайықты азаматтарды тәрбиелеу.
Жалпы, екі күнде бізге энергияға толы көңіл-күй, жұмысымызға мотивация сыйлай білген ұйымдастырушыларға айтар алғысым шексіз!