Ас - адамның арқауы
Бидайық ЖББ мектебінің асханасында күн сайын мектеп медбикесі және кесте бойынша жауапты тұлғалар мен мектеп әкімшілігі тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасына органолептикалық бағалау жүргізеді. Бұл дегеніміз – тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасын мерзімдік бағалау. Асхананың жағдайы мен дайындалған өнімдер сапасын, техникалық құрылғылардың жағдайын тексеру жұмыстары, оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру мен оның сапасын бақылау жұмысы ай сайын жүзеге асырылады.
Оқушыларды тамақтандыру белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі. Барлықтамақтанатын сыныптардың сынып жетекшілері оқушыларды асханаға алып барады және тамақтану кезіндегі оқушылардың тәртібін қадағалайды.