Бидайық ауылдық округі
24701, 24702
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Жас сарбазбен кездесу
11-05-2023 16:28
Жас сарбазбен кездесу

Бидайық ЖББ мектебінде 9-11 сынып оқушыларымен ҚР ҚК мерзімді әскери қызметті өткеріп жүрген, мектеп түлегі ,жас сарбаз Алдажан Айбекпен кездесу өтті. Жас сарбаз Алдажан А. әскери бөлімде жақсы қызметі үшін қысқа мерзімді демалысқа келді.Мектеп түлегі өз сөзінде ҚР дене шынықтыру батальонында атқарып жатқан әскери қызметі туралы оқушыларға айтып берді.АӘжТД жетекшісі Жалмаганбетов К.О. мерзімді әскери қызметті атқарған азаматтарға жоғары оқу орындарында тегін білім алуға мүмкіндігі бар екенін және осы мақсатта ҚР Қорғаныс министрлігі 42 жоғары оқу орнымен келісімшарт жасағанын атап өтті.Биылғы жылдың өзінде ҚР ЖОО 100 пайыз жеңілдікпен 3 мыңдай орын ұсынып отыр.Әскери борышын өтеген азаматтарға:
-әскерден келгеннен кейін 2 жыл ішінде,ҰБТ-ны есепке алмай,әңгімелесу нәтижесі бойынша ақылы негізде ЖОО-ларға оқуға;
-анағұрлым лайықты әскери қызметшілер үшін ЖОО-лардың есебінен бакалавриат және магистратурада білім алуға,сонымен қатар емтихансыз және ҰБТ-ны есепке алмай ҚР ҚМ әскери оқу орындарына түсуге;
-офицер атағын алу үшін ЖОО-ның әскери кафедрасына емтихансыз грант негізінде түсуге мүмкіндік беріледі.
Жас сарбаз Алдажан А. осы беріліп отырған мүмкіндікті пайдаланатынын айтты,болашақ Отан қорғаушыларға өз елін сүюге,мақтан тұтуға және ҚР Қарулы Күштері қатарында қызмет етуге шақырды.Оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып,оларға жауап берілді.Кездесу барысында 9 сынып оқушысы Рамазан Қ. өзінің Отан алдындағы борышын өтеуге дайын екенін айтып,өз қатарластарын Отанды қорғауға шақырды.
Кездесу соңында АӘТД жетекшісі Жалмаганбетов К.О. мектеп түлегі Алдажан Айбекке Отан алдындағы борышын адал атқарып келуіне және алда қойған мақсаттарына жете беруіне тілектес екенін айтты.
АӘжТД жетекшісі:Жалмаганбетов К.