"Умники и умницы" тақырыбына сыныптан тыс сайыс сабақ

Бидайық ЖББМ КММ 13-17 ақпан аралығында "Тілдер апталығы"арнайы бекітілген жоспар бойынша өтті. 7а сыныпта орыс тілі мен әдебиет пәнінен "Умники и умницы" тақырыбына сыныптан тыс сайыс сабақ өтті.Сайыста жаңашылдық басым болды.Оқушылар сабақта белсенділік танытып,тапсырманы тиянақты орындап отырды. Тапсырмалар бағдарламадан тыс күрделі,мазмұнды болды. Оқушылардың пәнге қызығушылығын,ізденістері басым болды. Өткізген пән мұғалімі Байгозина К.С