1 ҚЫРКҮЙЕК - БІЛІМ КҮНІ
Бидайық ЖОББМ "Алғашқы қоңырау" салтанатты жиынына аудан әкімшілігі, ауыл әкімшілігі және ата - аналар қатысты. Мектеп директоры Шибутова Б.А.,ауыл әкімі Баязитов А.С., аудандық жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Ибраева Ш.Қ., құттықтау сөз сөйледі. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге ата - аналар ұжымы батасын берді. Ән мен күйге тербеткен білім күні сынып сағаттарына ұласты.