Мектеп асханасындағы бақылау жұмыстары
Бидайық ЖББМ асханасында, мектеп директоры Шибутова Б.А, ауыл әкімі Жамауов Н.К. және қоғамдық комиссия мүшелерінің қатысуымен, беріліп жатқан тамақтың сапасы мен құрамын, дайындалған тағамның ас мәзірімен сәйкестігін қадағалау мақсатында бақылау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта 1-4 сыныптар арасында 60 оқушы, аз қамтылған отбасы балаларынан 8 оқушы бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылып отыр.