"Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ' республикалық акциясы
Жаңаарқа ауданы,Бидайық ауылы
Бидайық ЖББМ 15 қараша күні "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ' республикалық акция аясында мектептің ата-аналарымен кездесу өтті.Кездесу барысында мектеп директоры Шибутова Б.А зиянды заттардың зардабы, кешкі мезгілде ата-анасыз ауыл көшесінде жүрмеу,әр ата-ана өз баласына жауапты екенін айтты.
Ауылымыздың учаскелік полиция қызметкері Нуршин Б.Б құқық бұзушылық тың алдын алу,психотропты заттардың ағзаға зияндылығы, темекі шегудің,электронды темекінің денсаулыққа зияндылығын айтып, түсіндірді.