«Рухани жаңғыру» болашаққа бағдар, Астана қаласының 20 жылдығына арналған «8 наурыз Халықаралық әйелдер күні» мерекесі аталып өтті. Мереке әр сыныпта тәрбие сағаттары өтуімен басталды. Бастауыш сынып ұжымы Тусупова Г.Ш. 4 «А» сынып, Шамкенова А.О. 1 «Ә» сынып, Жұманова З.Ж. 2 «Ә» сынып жетекшілері мен оқушылары «Ана – тіршілік тірегі» атты концерттік бағдарламасын ұсынды. Мерекелік бағдарлама М.Мақатаевтың «Ана» өлеңімен, құттықтау слайдымен ашылды. 4 «А » сынып оқушысы Асанова Нұрай «Наурыз көктем» әнін тамылжыта орындап, көктемнің келуін баршамызға паш еткендей әсер қалдырды. Мектеп директоры Шибутова Б.А. ұстаздар ұжымын және ата – аналар мен қонақтарды көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтады.
«Ана – тіршілік тірегі»