Бидайық ауылдық округі
24701, 24702
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Ақпараттық сауаттылылық апталығының ашылуы Тақырыбы: «Цифрлық әлем»
01-02-2021 12:03
Ақпараттық  сауаттылылық  апталығының ашылуы Тақырыбы: «Цифрлық әлем»

Бидайық ЖББМ  Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарында 01 - 06 ақпан  аралығында "Цифрлық әлем"  атты ақпараттық сауаттылық апталығы болып жатыр.

Мақсаты:Оқушылардың ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастыру негізінде ақпараттық технологиялық  пәндердің мүмкіндіктерін анықтай отырып, оқушылардың ақпараттық технологияға қызығушылығын арттыру,педагогтар мен оқушылардың кәсіби шеберлігін жетілдіру.

Міндеттер:оқушылардың информатика сабағына деген қызығушылықтарын дамыту; ақпараттық  сауаттылық деңгейін арттыру;

оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру;

ақпараттық сауаттылықтың өмірдегі маңыздылығын насихаттау:

оқушылардың коммуникативті дағдыларын дамыту;

                                                      

                                                   Апталық күнделігі

         Күні: 01.02.2021 жыл

Ақпараттық  сауаттылылық  апталығының ашылуы

Тақырыбы: «Цифрлық әлем»

  Апталықтың алғашқы күнінде «МИФ» және бастауыш сыныптар пәндер бірлестігінің отырысы ұйымдастырылып, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Айтжанова К.С апталықтың мақсаты мен атқарылатын іс-шаралар жөнінде таныстырып өтті.Апталықтың жалғасы ретінде «Достық Интернет:Интернет-ғалам бойынша қауіпсіз саяхат ережелері»атты 3 сынып оқушылары мен пән мұғалімі Жамауов Б.К таныстыру сабағын өткізді. «Ақпараттық  қауіпсіздік» ережесін 4а сынып оқушылары мен информатика пәнінің мұғалімі Рахимжанов Н.К іс-шара өткізді. «Менің қауіпсіз  желім» атты түсіндіру жұмысын 5а сынып оқушыларымен Рахимжанов Н.К өткізді..

Күні:02.02.2021

Ақпараттық  сауаттылық апталығының екінші күні «Болашақ мектебі». «Менің цифрлық  әлемім» сурет  конкурстары 4ә сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Жуманова З.Ж жетекшілігімен офлайн түрде өтті. «Киберқауіптер желіде.Мобильді қауіпсіздік» презентациялар мен суреттер байқауын 5а сынып оқушыларымен математика пәнінің мұғалімі Сейтжан А.Ғ офлайн түрде өткізді.

.Күні 03.02.2021 ж

Ақпараттық  сауаттылық апталығының үшінші күні«Мобильді  сауаттылық  сабақтары» ашық сабақ 8 сынып оқушыларымен математика пәнінің мұғалімі Оспанов Е.Т офлайн түрде өткізді. «Мобильді  құрылғылар» атты экскурсия сабақ 10 сынып оқушыларымен информатика пәнінің мұғалімі Жамауов Б.К жетекшілігімен офлайн түрде өтті. «Менің  IT  әлемім» атты экскурсия сабақ 9-11 сынып оқушыларымен информатика пәнінің мұғалімі Рахимжанов Н.К жетекшілігімен офлайн түрде өтті.

Күні 04 .02.2021

Ақпараттық  сауаттылық апталығының 4-ші күні жоспар бойынша « Желі  бойынша қозғалыс» робототехника  конкурсын 5-7 сынып оқушыларымен пән мұғалімі Рахимжанов Н.К офлайн түрде өткізді. «Python бағдарламалау тілі» ашық сабақ 8 сынып оқушыларымен пән мұғалімі Жамауов Б.К офлайн түрде өткізді.

Күні 05 .02.2021

Ақпараттық  сауаттылық апталығының 5-ші күні жоспар бойынша « Компьютер – менің досым. Менің сандық  әлемім» атты суреттер байқауы 3-4 сынып оқушыларымен сынып жетекшілері Тусупова Г.Ш мен Садыкова М.К жетекшілігімен офлайн түрде өтті. « MS Excel бағдарламасы» ашық сабақ 7 сынып оқушылары мен пән мұғалімі Рахимжанов Н.К жетекшілігімен офлайн түрде өтті. «Информатика  әлеміне  саяхат» сайыс 8-10 сынып оқушыларымен пән мұғалімі Жамауов Б.К жетекшілігімен офлайн түрде өтті.

.06.02.2021

Апталықтың жабылуы.Фотолар.Марапаттау.

Ақпараттық  сауаттылық  апталығының жоғары деңгейде өтуіне ат салысқан оқушылар марапатталды.

«Информатика әлеміне саяхат» сайыс

Қалдыбаева Ақнұр 10 сынып -1 орын

Орынбай Мерей  8 сынып-2 орын

 Алдажан Ернұр  9 сынып -2 орын

«MS  EXCEL» бағдарламасы сабағы

Алдажан Балғын 7 сынып

«Менің қауіпсіз желім» сабағы

Өмірзақ Жәнібек  5а сынып

«Желі бойынша қозғалыс»сабағы

Марат Аружан  6 сынып

«Киберқауіптер желіде»сабағы

Орынбай Нұрай 5а сынып

Сағынтай Ақниет 5ә сынып

«Python бағдарламасының тілі» сабағы

Мардашев Абылай 8 сынып

«Мобильді құрылғылар»сабағы

Сабырбаев Әділет 10 сынып

«Мобильді сауаттылық» сабағы

Қуанышқызы Айзере  8 сынып