Бидайық ауылдық округі
24701, 24702
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 460
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 56
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 724
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Математикалық сауаттылылық апталығының ашылуы Тақырыбы: «Математика біздің айналамызда»
25-01-2021 10:59
Математикалық  сауаттылылық  апталығының ашылуы Тақырыбы: «Математика біздің айналамызда»

Бидайық ЖББМ  Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйымдар мен білім беру ұйымдарында 25 - 30 қаңтар аралығында "Математика біздің айналамызда"  атты математикалық  сауаттылығы апталығы болып жатыр.

Мақсаты:Оқушылардың математикалық сауаттылықтарын қалыптастыру негізінде математикалық  пәндердің мүмкіндіктерін анықтай отырып, оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру,педагогтар мен оқушылардың кәсіби шеберлігін жетілдіру.

Міндеттер:оқушылардың математика сабағына деген қызығушылықтарын дамыту; математикалық сауаттылық деңгейін арттыру;

оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру;

математиканың өмірдегі маңыздылығын насихаттау:

оқушылардың коммуникативті дағдыларын дамыту;

                                                    

                                                   Апталық күнделігі

         Күні: 25.01.2021 жыл

Математикалық  сауаттылылық  апталығының ашылуы

Тақырыбы: «Математика біздің айналамызда»

  Апталықтың алғашқы күнінде «МИФ» және бастауыш сыныптар пәндер бірлестігінің отырысы ұйымдастырылып, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Айтжанова К.С апталықтың мақсаты мен атқарылатын іс-шаралар жөнінде таныстырып өтті.Апталықтың жалғасы ретінде «Сандар күні». «Киелі сандар сыры»атты 4ә сыныбында сынып жетекшісі Жуманова З.Ж ұйымдастыруымен сынып сағаты онлайн түрде, «Математика адам өмірінде». «Сандарды қалай қолдану керек?» атты  4а сыныбында пән мұғалімі Рахимжанов Н.К ұйымдастыруымен  сынып сағаты офлайн түрде, «Дүкен»сюжеттік ролдік ойын МАД сыныбында офлайн түрде, «Қызықты математика» апталықтың ашылу шарасы шағын орталықта Тусупова А.К,Тусупбаева Г.А,Дулатова А.Н ұйымдастыруымен онлайн түрде өтті.

  Күні:26.01.2021

 Байқаулар.

 Математикалық сауаттылық апталығының екінші күні "Қызықты сандар,фигуралар" тақырыбында 1- сыныпта сынып жетекшісі Садықова З.Қ ұйымдастыруымен сынып сағаты офлайн түрде, «Сандар кіммен дос» атты 1-2б сыныбында сынып жетекшісі Башрединова М.З ұйымдастыруымен танымдық сабақ офлайн түрде , «Геометриялық пішіндер қаласы» ұжымдық жапсыру МАД сыныбында офлайн,шағын орталықта Тусупова А.К,Тусупбаева Г.А,Дулатова А.Н ұйымдастыруымен онлайн түрде өтті.«Математикалық,физикалық сөзжұмбақтар» атты 9-сыныпта пән мұғалімі Жамауов Б.К ұйымдастыруымен сайыс офлайн түрде өтті. «Математикасыз өткен бір күн» атты 10-сыныпта пән мұғалімі Оспанов Е.Т ұйымдастыруымен эссе байқауы офлайн түрде өтті. «Мен және менің отбасым» атты 7-сынып оқушыларымен пән мұғалімі Сейтжан А.Ғ ұйымдастыруымен оқушылардың жобасы онлайн түрде өтті.

     Күні 27.01.2021 ж

 Кездесулер,саяхаттар

  Математикалық сауаттылық апталығының 3-ші күні жоспар бойынша «Мен математикамен доспын.Кім алғыр?», «Алтын сандық» сайыс 3 сыныпта Тусупова Г.Ш жетекшілігімен офлайн түрде,)«10-ға дейін санауды үйренейік» дамытушылық сабақ МАД сыныбында Ижанова Б.А,шағын орталықтаТусупова А.К,Тусупбаева Г.А,Дулатова А.Н ұйымдастыруымен онлайн түрде өтті. «ЖОО-на онлайн саяхат» кездесу,әңгімелесу 10-11 сыныптарда пән мұғалімі Сейтжан А.Ғ жетекшілігімен онлайн түрде өтті.

Күні 28 .01.2021

Талқылау,фильмдер көру

Математикалық сауаттылық апталығының 4-ші күні жоспар бойынша  3сыныпта «Сөзжұмбақтар,ребустар» сайыс Хасенова Г.А жетекшілігімен офлайн түрде, «Ғажайып құрылыс» дамытушылық жұмыстар МАД сыныбында Ижанова Б.А офлайн түрде,шағын орталықта Тусупова А.К,Тусупбаева Г.А,Дулатова А.Н ұйымдастыруымен онлайн түрде өтті. «Сандар мен олардың мағыналары туралы «Бір саны қайдан пайда болды?» фильмдер көру 5 сынып Сейтжан А.Ғ,7б орыс сынып Шибутова Б.А, 8-11 сынып Оспанов Е.Т пән мұғалімдерінің жетекшілігімен офлайн түрде өтті.

Күні 29 .01.2021

Танымдық ойындар

Математикалық сауаттылық апталығының 5-ші күні жоспар бойынша  4а сыныбында  «Ойшылдар мен ақылдылар» танымдық сабақ Садықова М.Қ офлайн түрде, «Математика әлемі» сурет көрмесі 1-4 сыныптарда офлайн түрде, «Математиканың жарқын аптасы»апталықтың жабылуы МАД сыныбы және шағын орталықта ,«Математикалық викторина» танымдық сабақ 5а-5ә сыныптарында пән мұғалімі Сейтжан А.Ғ жетекшілігімен офлайн ». «Киелі сандар сыры»атты 4ә сыныбында

30.01.2021

Апталықтың жабылуы.Фотолар.Марапаттау.

Математикалық  сауаттылық  апталығының жоғары деңгейде өтуіне ат салысқан оқушылар марапатталды.

            </div>
                        <div class=