«1 ЖЕЛТОҚСАН- ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ»
Бидайық ЖОББ мектебінде 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай, іс-шаралар жоспары талқыланып, бекітілді. 29-30.11 күндері сыныптарда тәрбие сағаттары, түрлі іс-шаралар өтілді. 9-11 сыныптар оқушыларымен мектеп тәлімгері Акаева Н.Т. «Елбасы – елдің тұтқасы» рухани жаңғыру бағдарласымен таныстырып, слайдтар көрсетті. Мектеп кітапханашысы Апендина Ә.Т. «Тарих тағылымы» атты 8-11 сынып оқушыларын Елбасының өмірінен бейнебаяндармен таныстырды. Башриденова М.З 3 «Б» сыныпта «Мой президент» тәрбие сағаты, Жұманова З.Ж 2 «Ә» сыныпта «Елбасына рахмет!» тәрбие сағаты өтілді.
Садықова З.Қ «Біздің Елбасы» 2 «А» сыныпта тәрбие сағаты, 6 «А» сынып жетекшісі Нусупалиева Г.Б «Елін мақтан етер-Елбасы» тәрбие сағаты өткізілді. «Менің Елбасым» зияткерлік ойынды Сүлейменова Ж.Ф. 6 «А» сыныпта, «Кемеңгер Елбасы-ырысы елімнің» пікірталасын 10 «А» сынып оқушыларымен Акаева Н.Т. ұйымдастырды. Қожахметова А.Қ 8 «А» сыныптың оқушыларымен «Нұрлы жол көшбасшысы» пікіралмасу өткізді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай 1-3 «А» сынып оқушыларымен сынып жетекшілері Садықова М.Қ, Садықова З.Қ, Хасенова Г.А «Тәуелсіздіктің нұры-тұңғыш Елбасы» атты мерекелік концерт ұйымдастырды. Концерттік бағдарламаны мектеп директоры Шибутова Б.А. құттықтау сөзімен ашты. «Сандар сөйлейді » айдарымен барлық сынып оқушылары қамтылып, Елбасы өмірінен сыр шертті. Мектеп табалдырығын кеше ғана аттаған 1-2 «А» сынып оқушылары ән салып, би биледі. «Жас Ұлан» ұйымы мүшелері кітапхана сөресінде «Елбасы – ел тірегі» кітап көрмесі.