Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазанындағы №598 бұйрығын және «Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығы мен «Білім беру обьектілеріне қойылатын санитариялық –эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚРДСМ-76 бұйрығын басшылыққа ала отырып Қарағанды облысы білім басқармасының Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің «Ақтау ЖББ мектебі» КММ-сі 1,2,3,4сыныпта оқитын оқушылар мен әлеуметтік санаттағы балаларды жалпыға білім беру қорынан бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етеді. Жалпы Ақтау жалпы білім беретін мектебінде 2021-2022 оқу жылында70 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде.
Оқушылардың сапалы тамақтануын қадағалау мақсатында бракераждық комиссия күнделікті берілген тамақ сапасы мен мөлшерін бақылап отырады.
Тамақтануды ұйымдастыруда санитарлық талаптар күнделікті қатаң бақылауға алынды. Мектеп медбикесі тарапынан үнемі тексеріліп, қадағаланып отырады. Мектептің ас блогы талапқа сай ас ыдыстарымен және қажетті құрал –жабдықтармен жабдықталған.