22 қаңтар 2019 жылы Атасу ЖОББ мектебінде «Таным» ғылыми қоғамының ұйымдастыруымен 7-10 сыныптар арасында «Тіл Дарын-2019» мектепішілік ғылыми жобалар сайысы өтті. Жобаның мақсаты – оқушылардың дарындылығын дамыту, оқушыны ізденуге, өз бетімен қорытынды жасауға үйрету.
7 сынып оқушылары Тлеубергенова Ажар «Қазақтың көне ыдыстары», Кадирбаева Аяна «Ауыз – су біздің өңірде», 8 сынып оқушылары Қалжанова Шынар «Ағылшын тілінің жасөспірімдердің тіліне әсері», Қаршыға Назым «Тұз біздің өмірімізде», Байкенова Нурай «Жел энергиясын пайдалану», Сембаева Аружан «Ақселеу Сейдімбек», 9 сынып оқушысы Тлеубергенов Аңсар «Тұрмыс химиясы», Амангелді Олжас «Комбинаторикалық әдіспен кубиктің шешімі», 10 сынып оқушылары Бодықова Мадина «Мектеп боры және оның денсаулыққа әсері» тақырыптары бойынша өз жұмыстарын қорғап шықты. Әділ қазылардың шешімі бойынша 1 орынға Қаршыға Назым, 2 орынға Тлеубергенова Ажар, 3 орынға Кадирбаева Аяна мен Бодықова Мадина ие болды.