с. Байдалы би
24589, 24506
Вернуться на главную страницу отдела образования
Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
Голосовать
Отлично - 457
Плохо - 96
Хорошо - 64
Так себе - 53
Затрудняюсь ответить - 48
Всего проголосовало: 718
Смотреть результат
Статистика посещений
Атасу жалпы білім беретін мектебінде төмендегі оқыту сапасын жақсартуға бағытталған іс әрекеттер жүргізілді.
25-12-2023 16:23
Атасу жалпы білім беретін мектебінде төмендегі оқыту сапасын жақсартуға бағытталған іс әрекеттер жүргізілді.

Атасу жалпы білім беретін мектебінде төмендегі оқыту сапасын жақсартуға бағытталған іс әрекеттер жүргізілуде:
Жетекші Ақтүбек жалпы білім беретін мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес 28.22.2023 ж. мектебімізде тәжірибе алмасу семинары өтті. Семинарға Ақтүбек ЖББМ және №135 стансасы негізгі мектебінің ұстаздары қатысты. Бұл жұмыс пен тәжірибе алмасу мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруға, оларды зерттеу қызметіне тарту арқылы сабақтың тиімділігін жақсарту, оқу процесін жандандыру, тұлғаның жан-жақты дамуы үшін қолайлы оқу-танымдық орта құру міндеттері іске асуда.
«Оқуға құштар» жобасы аясында кітапхана қоры 17 көркем әдебиетпен толықты. Ол әдебиеттер «Өркен» ЖК, «Фолиант» баспасы және «Мазмұндама» баспаларынан. Сонымен қатар, «Мақал сөздің-азығы, жұмбақ ойдың- қазығы» интеллектуалды ойындар; «Ізгілікке қадам басқан жас қалам» атты жас оқырмандармен кездесу өтті. «Оқимыз, суреттейміз, мазмұндаймыз» шаралары жалғасын табуда.
Бук слэм (мотивациялық кітаптар, фильмдер).
Мұғалімдер оқу алаңында осы әдебиеттерді оқып, сол бойынша пікір алмасып, құнды ақпараттармен бөлісті. Іс тәжірибеде басшылыққа алатын идея, ұсыныстарды қолданып, шебер ұстаз дағдыларын жетілдіруде.
Оқушыларға идеялармен еркін алмасуға мүмкіндік беру, мектеп дәлізіндегі әрбір қабырға оқушы үшін пайдалы болу үшін, «Ұлттық құндылықтар» тізбегі, «Армандар орындалады» қанатты сөздермен безендірілген Коворкинг бұрыштары жасалып, жалғасын табуда.
Аптаның бір күні педагогикалық кеңесте бір шешіммен
«Әдістемелік күн» етіп бекітілді. Бұл әдістемелік күн мұғалімдердің шығармашылық жұмысын қамтамасыз етуге, мұғалімдер ұжымында жинақталған әдістемелік жұмыс тәжірибесін талдауға және қорытындылауға арналған.
«Шахмат» бұрышы. 3-5 сыныптарда 1 сағаттан өткізіледі.
«Support» сағаты. Support сағатына оқушы, ата-ана және пән мұғалімі қатысады. Пән мұғалімдері оқушының меңгермей, үлгермей жатқан тақырып, бөлім бойынша жоспар құрып оқушыға, ата-анаға бағыт бағдар беру бойынша жұмыстар өз бастамасын бастады.