Байдалы би ауылдық округі
24589, 24506
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 457
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 718
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Биылғы оқу жылының жетістіктері.
25-12-2023 16:22
Биылғы оқу жылының жетістіктері.

Биылғы оқу жылының жетістіктері
 «Балалар әлемі» жобасы аясында өткізілген Республикалық балалар оқулары байқауының аудандық 8 сынып оқушысы Қаршыға Еркетолқын ІІІ орынды иеленді.
 2023-2024 оқу жылында ауыл мектептерінің 8 сынып оқушыларының арасында «IQanat» пәндік олимпиадасынан облыстық кезеңге 8 сынып оқушысы Тілеген Бибі жолдама алды.
 «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі 3-4 сынып оқушылары арасында өткізген «Алтын сақа» математикалық олимпиадасынан 3 сынып оқушылары Совет Ерасыл, Тулеуова Гүлім ІІІ орынды иеленді.
 «Ұлттық мектеп лигасының» шағын футболдан қыздар арасында өткен аудандық жарыстан ІІ орын.
 «Ақберен» республикалық байқауының «Көркем сөз» номинациясы бойынша аудандық кезеңнен Өміржан Еркеназ ІІ орын иеленді.
 Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» балалар суреттерінің аудандық кезеңінен 6 сынып оқушысы Ғани Аружанның жұмыстары облысқа өтті.
 «Қазақстан – менің жарқын болашағым» жалпыұлттық аудандық байқауға қатысқан 7 сынып оқушысы Арманұлы Айсұлтанның жұмыстары облыстық іріктеуге өтті.
 Жезқазған қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен «Кетбұқадай» билерден кеңес сұрар күн қайда?» көркемсөз мәнерлеп оқу байқауынан 3 сынып оқушысы Тулеуова Гүлім Бас жүлде, 100мың сертификатымен марапатталды.
 Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларының Республикалық олимпиадасының аудандық кезеңге 16 оқушыға жолдама берілді.
 Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған олипиаданың аудандық кезеңінен 9 сынып оқушысы биология пәнінен ІІІ орын алды.
 8-11 сынып оқушыларына арналған лингвистика олимпиадасынан 10 сынып оқушысы Төрехан Аяулым І орынды иеленді.
 Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларының Республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінен биология пәнінен 9 сынып оқушысы Әбдраш Нұрасем 3 орын, орыс тілі мен әдебиеттен 10 сынып оқушысы Рақыш Мәнсия 3 орын; ағылшын тілінен 10 сынып оқушысы Төрехан Аяулым.