Онкүндік аясында жоспар бойынша іс-шаралар өтті. Онкүндік саптық жиынмен басталып, «Біз бақытты баламыз!» атты мектеп оқушыларының қатысуымен өткізілген флешмобқа ұласты. Сондай-ақ, «Бала құқығы» дөңгелек үстелі, «Заңды кім қалай түсінеді?» Балташева Динара 9-сыныптың презентациялық көрсетілім, «Адам құқығы бала құқығын қорғаудан басталады» кітапханашы Т.Әбілжанова көрме ұйымдастырды. «Оқушы құқықтары мен міндеттері» атты сынып сағатын Қаламғазы Жүрсінбек өткізді. «Бала құқығы-асыл қазына» атты психологиялық тренинг Жүніс Ақерке 5-7 сыныптар арасында болып өтті. «Конвенция – әлем балаларының Ата заңы», «Қоғам – бала құқығын қорғау жолында» сынып сағатын 8-сынып жетекшісі Райымбекова Айгүл өткізді. Амзина Құралай «Өз құқығыңды білесің бе?» атты 10-сынып оқушыларымен сынып сағатын өткізді.
"Атасу ЖОББМ" КММ-де Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала құқығы – адам құқығы» атты республикалық онкүндігі өткізілді.