Өрт –бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы. Өрт уақытымен және кеңістікте көбейетін, жанудан бөлек масса және жылу ауысуын қосатын, ауыр физико-химимялық процесс. Өрт оқиғалары негізінен тұрғын секторда туындап отыр. Яғни, өрт басқа орындарға қарағанда азаматтардың үйлерінде жиі орын алады. Оның себептері де әр түрлі. Оның ішінде басты 4 себепті айтуға болады: 1. Отты абайсыз қолдану;2. Пештің ақаулығы; 3.Электр желілері мен құралдарын пайдалануда өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау; 4.Балаларды қараусыз қалдыру болып табылады.
Ең бастысы, үйде от жағылып, қыс бойы пайдаланылатын пеш ақаулы болса, онда ол өрттің баспанада орын алуына бірден-бір себепші. Үйдегі пешке аса үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Пеш жаздың күні міндетті түрде жөндеуден өткізілуі тиіс. Балаларға пешті қарауға және жағуға тиым салынады.
Өрт оқиғаларына басты себепшілердің бірі газ баллондарды пайдаланудағы өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау болып отыр. Газ баллоны өртке қауіптілігімен бірге, үйде жарылысқа себепші болып, үлкен апатқа да соқтыруы мүмкін. Газ баллоны газ плитасына дұрыс орнатылуы қажет. Газ баллоны газдың шығып жатқанын, тек сабын көпіршіктері арқылы тексеруге болады.
Өрт қауіпсіздігі – бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарға өрттің қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды қолдану болып саналады.