с. Байдалы би
24589, 24506
Вернуться на главную страницу отдела образования
Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
Голосовать
Отлично - 457
Плохо - 96
Хорошо - 64
Так себе - 53
Затрудняюсь ответить - 48
Всего проголосовало: 718
Смотреть результат
Статистика посещений
«Ақселеу мұраларының бүгінгі келбеті» атты аудандық инвент-жобасында Атасу ЖББМ-нің ұстазы Сембин Жәнібек «Ұлтттық мұра» бейнекруиз сайысында 1-орынға иеленді!!! Атасу ЖББМ тарих пәнінің ұстазы Тажитов Азат «Шыңға біткен жалбыз» әдебиет сөресі кезеңіне қа
30-03-2022 15:49
«Ақселеу мұраларының бүгінгі келбеті» атты аудандық инвент-жобасында Атасу ЖББМ-нің ұстазы Сембин Жәнібек «Ұлтттық мұра» бейнекруиз сайысында 1-орынға иеленді!!! Атасу ЖББМ тарих пәнінің ұстазы Тажитов Азат «Шыңға біткен жалбыз» әдебиет сөресі кезеңіне қа
2022 жылдың 30 наурызы күні Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің ұйымдастырумен А.Сейдімбек атындағы ЖББМ қабырғасында қазақ ғылымы мен әдебиетіне, мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан Ақселеу Сейдімбектің 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған ауқымды жоба өткізілді. «Ақселеу мұраларының бүгінгі келбеті» атты аудандық инвент-жоба.
Инвент-жобаның негізгі мақсаты білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін әдістемелік өнімдерді дайындау арқылы педагогикалық қоғамның озық тәжірибелерін тарату мен жинақтау. Шығармашыл ұстаздарға қолдау жасау.
Инвент-жоба мына номинациялар бойынша өтті:
«Ұлтттық мұра» бейнекруиз. Ақселеу Сейдімбектің қолөнер шығармашылығына арналады. (ұзақтығы 3 минут)
«Төлтума мәдениет ғажайыбы» әдеби-музыкалық қонақжай. Ақселеу Сейдімбектің өнерге қатысты шығармаларына арналады (шығармасын жанды дауыста орындау, сұқбат, естелік, композициялық қойылым)
«Шыңға біткен жалбыз» әдебиет сөресі. Ақселеу Сейдімбектің
әдеби мұраларына қатысты (альбом, кейіпкерге хат, арнау өлеңдер, тәрбиелік шаралар бойынша жасалған өнімдер ұсыну)
Бүгінгі күн білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Жас мамандар күні» болып белгіленген. Соған орай шарамызға ауданымызда жұмыс жасап жатқан жас мамандар да көрермен ретінде қатысты.
«Ақселеу мұраларының бүгінгі келбеті» атты аудандық инвент-жобаның ерекшелігі сол- қатысушылары білім беру және қосымша білім беру ұйымдарында жұмыс жасайтын 40 жасқа дейінгі ер мұғалімдер. Алғашқы құттықтау сөз кезегін аудан әкімінің орынбасары Қожықаев Қанат Шубайұлы алып, сан қырлы азаматтың өнегелі өміріне тоқталып, жас мамандардың еңбек жолына табыс тіледі. Білім бөлімінің басшысы Балабаева Махаббат Ермұхамедқызы инвент-жоба жұмысына сәттілік жолдады.
Педагог мамандығы бойынша жұмыс жасайтын қатысушылар жас ұрпақтың бойына А.Сейдімбек мұраларын сіңіру жолында қолданатын өздерінің түрлі әдіс-тәсілдерін ортаға салды, өнімдерін ұсынды.
Маңызды шарада халқымыздың сөз өнері, қолөнер, ән-күй өнеріне жан-жақты үлес қосқан тұлға Ақселеу еңбектерін кейінгі ұрпаққа насихаттау жолдары ұсынылды. Қатысушылар білімін бағалаған құрамда Бүкілодақтық байқаулардың жеңімпазы, дәстүрлі әнші Қызыров Балтабай, №132 тірек мектебі директорының орынбасары Аштаев Тілеш Бейсенбайұлы, Әдістемелік кабинет меңгерушісі Достаева Гүлшат Игілікқызы, Ішкі саясат бөлімінің әдіскері Қаппасов Азат, О.Жұмабеков атындағы тірек мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Жаңабаев Уалихан болды.
Инвент-жоба өтетін орында А.Сейдімбек шығармашылығына арналған «Бояулар сыры» атты фото-галерея ұйымдастырылды.
Ақселеу Сейдімбек 30-дан астам әдеби, ғылыми - танымдық монографиялар мен кітаптардың, оқулықтардың және 400-ден астам ғылыми мақалалардың авторы. Ақиқаты - бір өзі бір ғылыми – зерттеу институтының атқаратын шаруасындай іс тындырып кетті. Айналасын өнер, білімге биік талғаммен қарауға үйретуге ұмтылды.