«Денің сау болса, бәрін аласың » атты денешынықтыру апталығының басталуы
Қарағанды білім басқармасы, Қарағанды қаласы БД ОӘО ұйымдастыруымен Жаңаарқа ауданы, Атасу ЖББ мектебінде 15.02-19.02.2021 жыл аралығында өтетін «Денің сау болса, бәрін аласың » атты денешынықтыру апталығы басталды. І күн -15-ақпан, мектеп оқушыларымен саптық жиын ұйымдастырылып, апталықтың салтанатты ашылу рәсімі өткізіліп, "Денешынықтырудан бастап, Олимпиада шыңдарына дейін " атты баяндама оқылды. 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарымен "Менің баламның физикалық дамуы " атты зум арқылы сауалнама ұйымдастырылып, өткізілді. 6-7 сынып оқушылары арасында " Баскетбол мергені " атты спорт сайысы ұйымдастырылып, өткізілді.
І орын 7-сынып.