Атасу ЖОББ мектебінде "Рухани Жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 25.10.2019 ж., сағат 12.00-де бірыңғай республикалық "Отбасы-тәрбие басы, мектеп - тәрбие жаршысы" атты тақырыпта сынып сағаттары өткізілді.
Сабақтың мақсаты - отбасы тәрбиесі мәселелерін талқылау, оқушылардың отбасы туралы білімдерін кеңейтуге ықпал ету, отбасының әрбір адамының өмірдегі маңыздылығын анықтау, баланың жеке тұлғасын қалыптастырудағы отбасының рөлін және оның патриоттық дүниетанымынарттыру.
Бастауыш, ортаңғы және жоғарғы сыныптарда "Отбасы-тәрбие басы, мектеп - тәрбие жаршысы" атты сынып сағаттары өз деңгейінде ұйымдастырылды.
Оқушылармен "Менің отбасы тарихым", "Отбасы құндылықтары", "Менің отбасымның шежіресі" "Менің отбасым-менің байлығым", "Отбасым-бақыт мекенім" т.б. тақырыптарда видеоролик, презентация, фотоальбомдар жасалып, сынып сағаттары өткізілді.
"Отбасы тәрбие басы, мектеп тәрбие жаршысы" бірыңғай республикалық сынып сағаты.