#Экосағат - қазір баста! шарасы
Атасу ЖОББ мектебінде 3-қазан күні "Бүгіннен баста!" атты эко сағат аясында барлық сыныптарда арнайы танымдық сағаттар өткізіп, видеороликтер көрсетілді.
Іс-шараны мектеп директоры Ж.К.Сембин сөз сөйлеп ашып, оқушыларға мақсатын түсіндіріп өтті. Әкімшіліктен келген қонағымыз А.Қыдыралин құттықтау сөз сөйледі. Жалпы республикалық эко сағат аясында өткен іс-шаралар 12.00-де мектеп ауласына 50 түп тал отырғызумен жалғасты. Іс-шараға мектеп мұғалімдері мен оқушылар және ата-аналар бір кісідей ат салысты. Бұл бір игілікті шара болды.