
10.04.2025 ж. Ынтымақ ЖББМ –де діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында 6-11 сыныптар арасында бейнеролик көрсетілді.Қазіргі кездегі әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіріп отырған ғаламдық мәселе - діниэкстремизм мен терроризм. Сондықтан жастардың бойында экстремизм мен терроризмге қарсы тұру күш-жігерін дамыту, азаматтық қоғамға сай әлеуметтік мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру - басты міндеттердің бірі саналады. Оқушылар бейнероликте көрсеткен терроризм актісі жайлы хабарама түскен кезде қандай әрекет жасау керектігін, ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.