
7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған 1-11 сыныптарда сынып сағаттары өтілді. Тақырыбы:«Өмірге салауатты қадам».Мақсаты:Оқушыларға денсаулықтың маңызын түсіндіру.Салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын қалыптастыру.Дұрыс тамақтану, спорт және зиянды әдеттерден аулақ болутуралы білім беру.Сынып сағаттар форматы: интерактивті кездесу ,пікірталас, топтық жұмыс, бейнеролик т.б болды.
Сынып сағаттарының өткізу барысы:
7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні туралы ақпарат беру
«Салауатты өмір – сәнді өмір» тақырыбындағы бейнеролик көрсету
Топтық постер жасау: "Салауатты өмір салтының ережелері"
Пікірталас: «Денсаулық – басты байлық», «Зиянды әдеттердің салдары»
Қорытынды ой бөлісу: “Менің денсаулық туралы көзқарасым”
НәтижесіндеОқушылар денсаулықты сақтау жолдарын білді.Салауатты өмір салтының артықшылығын түсінді.Пікір айту, шығармашылық жұмыс жасау дағдылары дамыды.
Жеке жауапкершілік пен саналы таңдау жасау маңызы айтылды.