Мектепке жол

2024 жылдың 1 тамызынан бастап Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде Республикалық "Мектепке жол" акциясы басталды.
Акцияның мақсаты: аз қамтылған және көп балалы отбасы оқушыларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке келмеуінің алдын-алу.
Акция «Жақсылық жаса» ұранымен өткізіледі.
Акция барысында көмек бюджеттен тыс қаражат есебінен көрсетіледі.
Акцияның төртінші аптасында ауылымыздың азаматшасы Алипова Гүлнұр 4-сыныптағы 9 оқушының барлығын,сабаққа қажетті оқу-құралдарымен қамтамасыз етті.