Ынтымақ ЖББ мектебінде «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» флешмобы өтті.

2024 жылдың 6 желтоқсанында Ынтымақ ЖББ мектебінде салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған республикалық акция өтті. Іс-шараның басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайту және оларды белсенді өмір салтын ұстануға ынталандыру болды.
Акция аясында оқушыларға арналған түрлі спорттық шаралар, пайдалы тамақтану туралы дәрістер мен шығармашылық конкурстар ұйымдастырылды. Осындай іс-шаралар балалардың дене және рухани дамуына оң әсер ететіні сөзсіз.
Біз салауатты ұрпақ тәрбиелеу жолында осындай маңызды қадамдарды жалғастыра бермекпіз!