Құқықбұзушылықтың алдын алу
Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде 17 ақпан күні телестудиядан оқушыларға құқық бұзушылыққа байланысты кеңестер және фильмдер көрсетілді.
Мақсаты:Оқушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру, заңды білу мен сақтаудың маңыздылығын түсіндіру. Оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, оның салдары туралы ақпарат беру.Оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және жауапкершілік сезімін дамыту.
Құқықтық нормаларды сақтау арқылы қоғамда қауіпсіз және бейбіт өмір сүруді үйрету.
Тәрбиелік фильмдер көрсету арқылы жақсы мен жаманды ажырата білуге баулу.
Өткізген:Әлеуметтік педагог Кокина Г.А