"Күй күмбірі"-челлендж

Ынтымақ жалпы құт білім беретін мектебінде еліміздің мәдени мұрасын сақтау, білім алушылардың эстетикалық және патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, балалардың домбырада орындау шеберлігін насихаттау, музыка ойнаудың ұжымдық нысандарын дамыту және жетілдіру мақсатында дәстүрлі Наурыз мерекесіне арналған жыл сайын өтетін «Күй күмбірі» домбырашылар челленджі өтті.