"Құқықтық навигатор" құқық сауаттылық апталығы аясында Ынтымақ ЖББ мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Д.Изтулеуов пен тарих пәнінің мұғалімі Ғ.Е.Мунжасарованың ұйымдастыруларымен 7-11 сынып оқушыларына арнайы шақырылған қонақтармен кездесу өтті.Кездесу барсында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң директоры Еркегүл Тәттімбекқызы «Жастардың бос уақытын қамту», яғни жастарды қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен жастарға берілген мүмкіндіктер туралы баяндап өтті. Жаңаарқа ауданының бас имамы Асхат Қанайұлы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу тақырыбында сөз қозғаса, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң маманы Мадиева Гулзира «Есірткісіз өмірді қалаймын» тақырыбына тоқталды. Жаңаарқа аудандық полиция бөлімінің С.Сейфуллин ауыл учаскелік полиция инспекторы А.Бейсенбаев жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу туралы баяндады.
"Құқықтық навигатор" құқық сауаттылық апталығы аясында