Мектепшілік ата-аналар жиналысы
17.11.2021 күні Ынтымақ ЖББ мектебі отбасымен мектеп арасын нығайту жолында мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Изтулеуов ата-аналармен кездесу өткізді. Кездесу барысында мектеп оқушыларының тәрбиесі және бейсауыт уақытында балалардың бос жүрмеуін, мектеп тәртібін сақтауға шақырды, сонымен қатар мектеп психологы Н.Кокина өз тарапынан ата-аналарға буллинг және кибербуллинг тақырыптарында ақпарат ұсынды.