Ынтымақ ЖББМ. 15 мамыр - Халықаралық отбасы күні
Халықаралық отбасы күніне байланысты әлеуметтік педагог Ж.Х. Сайлаубаеваның
ұйымдастыруымен 8-10 сынып оқушылары арасында “Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ” атты пікіралмасу өтті. Мақсаты : Балаларға зорлық - зомбылық туралы мағлұмат беру , адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту . Балаларға өз жүрген орталарында мейірімді болуға , бұзақылық істерге бармауға , адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға , әдепті де , тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу . Пікіралмасу барысында оқушылар өз ойларын ашық айта білді