Ел бірлігі-ең асыл қасиет
Қызылжар ЖББМ-нің кітапханашысы Оспанова Жанаркүл Төлеутайқызы "Ел бірлігі-ең асыл қасиет" атты көрмеге былай деп тоқталып өтті: Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Сондықтан 1-мамыр "Бірлік мерекесіне" арналған көрменің мақсаты: оқырмандарға көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы - еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін өскелең ұрпақ жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.