Мен және заң
Қызылжар ЖББ мектебінің «Құқықтық сауаттылық»,«Құқықтық навигатор» апталығының екінші күнінде 9 сынып оқушыларымен «Мен және заң» тақырыбында өткізілген іс-шара өз бастауын алды. Жетекшісі Сатыбалдинова Балғын мұғалім оқушыларға адам өмірге келгеннен заңмен яғни қоғамдағы барлық жағдаймен тығыз байланысты екенін түсіндіріп, оқушылардың көкейтесті сұрақтарына жауап беріп, заң туралы түсініктерін қалыптастыруға ат салысты.