Қызылжар станциясы
5-11-25
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Бірге оқимыз
04-12-2020 10:44
Бірге оқимыз

Қызылжар ЖОББ мектебінде қараша айының 30 күні оқу ісінің меңгерушісі Алтын Мұсатайқызының ұйымдастыруымен "Бірге оқимыз" жобасы аясында тарих пәнінің мұғалімі Сәулеш Магзумовна ZOOM платформасымен қашықтықтан 8 сыныппен "Қазақстандағы ұлттық автономиялар" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты қазақ зиялыларының қоғамдағы ролі мен қызметі, олардың ортақ идеяларын түсіндіріп, "Мәңгілік ел " құндылықтарын басшылыққа ала отырып, оқушыларды адамгершілікке, өз елінің өткен тарихын білуге, құрметтеуге тәрбиелеу. Осы мақсатта сабағында психологиялық ахуал орната отырып "Ой қозғау", "Серпінді сұрақтар", "ЖИГСО" әдісі, "Т- талдау" әдісін пайдалана отырып өткізген сабақ өз мақсатына жетті. Оқушылар сабаққа қызығушылықпен қатысып, өз білімдерін ортаға салып, кері байланыс бере отырып, белсенділік танытты.