Бірге оқимыз
Қызылжар ЖОББ мектебінде 03 желтоқсан күні оқу ісінің меңгерушісі Алтын Мұсатайқызының ұйымдастыруымен, санитарлық талаптарды сақтай отырып "Өзгеріс" тобымен отырыс өткізілді. Отырыстың мақсаты "Бірге оқимыз " жобасы аясында өткізілетін сабақтардың күні мен жоспарларын бекіту. Кесте бойынша пән мұғалімдері сабақтарының жоспарларын ортаға салып, әріптестерімен пікір алмасты. Нәтижесінде желтоқсан айында өтетін бес пән мұғалімінің жоспарлары талқыланып, бекітілді.