Қызылжар станциясы
5-11-25
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Сырғанақ тебу
22-12-2020 10:07
Сырғанақ тебу
Ата-аналар!
Естеріңізде болсын, сырғанақ тебу —ол қыс мезгіліндегі қызықты серуен ғана емес, апаттық және қауіпті жағдайларға да әкеліп соқтыруы мүмкін. Балаларыңызға бірнеше маңызды ережелерді айтып, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды үйретіңіз.
1. Алдыңғы адам шетке кеткенше жоғарыдан сырғанауға болмайды.
2. Сырғанап болғаннан кейін орында кідірмей мүмкіндігінше тезірек алшақтап кету керек!
3. Мұз жолынан өтуге болмайды. Балаға сырғанақ үстінен көлденеңнен өтуге болмайтынын түсіндіріңіз, сырғаушы оған жеткенше өтіп үлгерем деп ойласа да, олай жасауға болмайтынын айтыңыз. Мұздың үстінде тайғанап кету оңай және сырғып кетіп бара жатқандардың аяғының астына түсіп қалу қаупі жоғары
4. Қар немесе мұз сырғанағына көтерілу — тек баспалдақ арқылы жүзеге асырылу керек, сырғанақтың үстімен көтерілуге болмайды.
5. Жарақаттанып қалмау үшін аяқта тұрып немесе жартылай отырып сырғанауға болмайды.
6. Арқаңызбен немесе басыңызды алға жіберіп (ішіңізбен жатып) сырғанамауға тырысыңыздар.
7. Соқтығысуды болдырмау жағдайы мүмкін болмай жатса (жолда ағаш, адам және т.б.), бір жағыңызбен құлап түсуге немесе мұз бетінен алыстауға тырысуыңыз керек.
8. Егер сырғанақтың қасынан адам өтіп бара жатса, ол өткенше күтіп, содан кейін ғана түсіңіз.