Қызылжар жалпы орта білім беретін мектебінде мектепішілік жобалар бүгін бірінші іс- шарасын бастады. Мектебімізде алты жоба жұмыс жасауда , соның бірі "Жеңгелер мектебі" іс- шараның өткізген 10- сынып жетекшісі Нұрмағамбетова Гүлнұр Zoom платформасы арқылы «Сырлы жеңге,сұлу қыз» атты қыздармен жеңгелер арасында сырласу кеші өткізді. Мақсаты: Жеңге мен қайын сіңлі арасындағы өзара сыйластықты, бір-біріне деген сүйіспеншілікті нығайтып, ана мен бала, жеңге мен қыз арасындағы тәрбиені одан әрі дамыту, адамгершілік қасиеттерін ,Отанын, тілін, қазақи салт-дәстүрді құрметтей білуге, ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге, туыстық қатынас, соның ішінде жеңгесінің алар орны мен рөлін ұғынуға тәрбиелеу. Ана мен бала жеңгемен қыз арасындағы тәрбиені дамыту,адамгершілік қасиеттерін Отан, тілін, қазақи салт-дәстүрлерін құрметтей білуге,ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге , туыстық қатынас соның ішінде жеңгенің алар орны мен рөлін ұғынуға тәрбиелеу. Қыз баланы үлкен өмірге дайындау. Қиындықты жеңе білуге үйрету, әдептілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу. Ана көрген тоң пішер демекші ауылымыздың аяулы, білімді ұстазы Раушан Сатанқызының тәрбиелеп,мәпелеп өсірген және мектебіміздің үлгілі оқушысы болған, қазір Ынтықбай әулетінің аяулы келіні 3 баланың анасы,адал жар бола білген Аязбай Аңсағанмен сырласу кеші өткізілді.
Жеңгелер мектебі